audio audioduration (s) 1.04 24.2 | text stringlengths 13 281 | speaker_id stringclasses 1
value |
|---|---|---|
ақтөбе облысының құрметті азаматы атағы қоғамдық бірлестіктер мен депутаттардың ұсынысымен қаралып, талқыланды. | female1 | |
барлығы он адамның аты-жөні аталғанымен, төртеуі лайықты деп танылды. | female1 | |
олар - философия ғылымдарының докторы, профессор амангелді айталы, филология ғылымдарының докторы, профессор рәбиға сыздық, атамекен кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы есімхан құрманғазин. | female1 | |
құрметті азаматтар қатарында бүгін нью-йорктегі концертін ан концертін аншлагпен өткізген димаш құдайберген де бар. | female1 | |
димаш қанатұлы - әнші, сазгер. | female1 | |
екі мың төртінші жылы ахмет жұбанов атындағы ақтөбе музыкалық колледжін тәмамдады. | female1 | |
қазақ ұлттық өнер университетінің эстрада-өнер кафедрасында оқып жатыр. | female1 | |
екі мың он-он үшінші жылдары бірнеше вокалдық конкурстардың жеңімпазы атанды. | female1 | |
қазақстанда байқоңыр дауыстары, жас қанат, украинадағы восточный базар, славянский базар байқауының жеңімпазы. | female1 | |
екі мың он төртінші жылы дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. | female1 | |
екі мың он бесінші жылы жыл әншісі болып, екі мың он алтыншы жылы эстрада әртісі сыйлығын иеленді. | female1 | |
екі мың он жетінші жылы қытайда өткен байқауда жүлделі орын алды, - деді ақтөбе облысы әкімінің аппаратының жетекшісі нұржауған қалауов. | female1 | |
атырау қаласындағы назарбаев зияткерлік мектебінің он екінші сынып оқушысы бибарыс ғилаж еріктілердің қызметіне арналған жаңа мобильдік қосымшаны жасап шығарды, - деп хабарлайды қазақпарат тілшісі. | female1 | |
ол шаңырақ ұялы бағдарламасына қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын еріктілер үшін қажетті деректерді жинаған. | female1 | |
мобильді қосымшаны қолданушылардың бір-бірімен тұрақты хабарласуға және деректер алмасуға мүмкіндігі бар. | female1 | |
мұнда кәдімгі әлеуметтік желі сияқты тіркелушілер жеке профильдік-аккаунт ашады және қосымшадағы басқа да қолданушыларды қауымдастықтарға енгізе алады. | female1 | |
мемлекет басшысы қасым-жомарт тоқаевтың жарлығымен келесі жыл елімізде еріктілер жылы деп белгіленді. | female1 | |
менің білуімше, қазіргі ақпараттық кеңістікте барлық қазақстандық еріктілердің басын қосатын және олар туралы ресми мәлімет беретін деректер қоры жоқ. | female1 | |
бұл мобильді қосымша арқылы мен осындай проблемаларды шешудің жолын іздедім. | female1 | |
шаңырақ ұялы бағдарламасында жергілікті және басқа да аймақтағы еріктілер туралы ақпараттар, олардың өткізетін шаралары туралы хабарламалар жарияланып тұрады. | female1 | |
жобаның баламасы ретінде танымал әлеуметтік желілерді де айтуға болады. | female1 | |
бірақ оларды пайдаланудағы қауіпсіздік ережелері барлық кезде сақтала бермейді. | female1 | |
ал мен дайындаған мобильді қосымша белгілі қауіптерді алдын алуға және жасырын деректердің таралмауына септігін тигізбек. | female1 | |
қосымшада тек әрбір адамға қажетті негізгі функциялар қолжетімді болады. | female1 | |
мұнда қажетсіз жарнамалар мен спам ескертулер болмайды, - дейді бибарыс. | female1 | |
жас өнертапқыштың бұл жұмысын қазылар алқасы мектепішілік және республикалық кезеңдердегі ғылыми-жобалар сайысында жоғары бағалаған. | female1 | |
соның бірі ағымдағы жылдың қыркүйегінде өткен қазақстан жастары конгресінің инновациялық жобалар байқауы. | female1 | |
енді авторлық туындыға патент алу және оны кең көлемді қолданысқа енгізу қалды, - дейді бибарыс ғилаж. | female1 | |
оның айтуынша, болашақта бұл мобильді қосымша еріктілердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. | female1 | |
олардың нәтижелі жұмысын жан-жақты көрсетуге, белсенділер мен жаңа қолданушыларды анықтауға мүмкіндік бермек. | female1 | |
назарбаев зияткерлік мектебінің болашақ түлегі бибарыс ғилаж бағдарламалау курсымен бірнеше жылдан бері айналысады. | female1 | |
ағымдағы жылы ақш-тың стенфорд университетінде бағдарламалау, көшбасшылық және әлеуметтік ғылымдар курсын сәтті тәмамдап шыққан. | female1 | |
бұл зерттеу он алты-алпыс бес жас аралығындағы адамдардың оқу, математикалық сауаттылығы мен есептерді сандық ортада шығара білу дағдыларын бағалайды. | female1 | |
қазақстан бұл зерттеуге алғаш рет қатысқандығын ерекше атап өткен жөн. | female1 | |
қазақстанның нәтижелері бойынша ересектердің дағдылары орта есеппен испания және италия азаматтарының деңгейінде екені, бірақ еуропалық ынтымақтастық даму ұйымы елдерінің орташа деңгейінен айтарлықтай төмен екенін көрсетті. | female1 | |
сонымен қатар, қазақстанға ғана тән ерекше нәтижелер де анықталды, - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында. | female1 | |
мысалы, халықаралық зерттеу адам дағдыларының даму шыңы жиырма бес пен отыз төрт аралығындағы жасқа келетінін, ал одан әрі құлдырау басталатынын көрсетті. | female1 | |
жастардың дағдылары бұл жиырма бес пен отыз төрт жас аралығы аға ұрпақ өкілдерінің бұл елу бес-алпыс бес жас аралығы дағдыларымен бірдей, ал кей жағдайларда олардан төмен болды. | female1 | |
егер шұғыл шаралар қабылдамасақ, жиырма-жиырма бес жылдан кейін халықтың дағдылары қазіргіден де төмендеп кетуі мүмкін. | female1 | |
жалпы жиырма бес пен отыз төрт жастағы азаматтардың елу пайызының жоғары білімі бар, ал елу бес пен алпыс бес жас аралығындағы адамдардың жиырма жеті пайызы ғана жоғары білім алған. | female1 | |
қазақстан халқының жартысы оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылығы бойынша тек екінші деңгейге қол жеткізген, ал халықтың төрттен бір бөлігі ғана жоғары деңгейде. | female1 | |
бұл ел тұрғындары жеңіл мәтіндермен, сондай-ақ талдауды, сараптауды және түсіндіруді талап етпейтін ақпаратпен ғана жұмыс істей алады дегенді білдіреді, - деп түсіндірді министр. | female1 | |
оның пайымынша, дағдыларды меңгеру деңгейлері мен оларды пайдалану жиілігі де маңызды тренд болып отыр: дағдылар күнделікті өмірде де, жұмыста да неғұрлым көбірек қолданылса, соғұрлым деңгейлері де жоғары болмақ. | female1 | |
сонымен қатар, зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандықтардың тек он жеті пайызы ғана әртүрлі білім беру іс-шараларына қатысатыны анықталды. | female1 | |
бұл - ең төмен көрсеткіштердің бірі. | female1 | |
білім алу деңгейінің өсуі - дағдылар деңгейінің өсуіне де оң әсерін тигізетінін атап өткен жөн. | female1 | |
бұл зерттеу қорытындыларының кейбір мысалдары ғана. | female1 | |
бұл ретте, зерттеу нәтижелеріне жеңіл-желпі қарамай, білім жүйесінің жалпы көрінісін бақылау және жүйелі шараларды қабылдау маңызды. | female1 | |
жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, алдымызға бірнеше міндет қойдық, - деді ймағамбетов. | female1 | |
осы орайда, біріншіден, кәсіптік және жоғары білім саласын айтарлықтай жоғарылату қажет. | female1 | |
қазақстанның барлық жоғары оқу орындары мен колледждері отандық кадрларды даярлаған кезінде халықаралық зерттеулер нәтижелерін басшылыққа алуы керек. | female1 | |
олар еңбек нарығы үшін мамандарды жай дайындап қана қоймай, сондай-ақ қажетті дағдыларды үйретуге - оқуға үйретуге тиіс. | female1 | |
екіншіден, мемлекеттік гранттардың құнын арттыру арқылы жоғары білімді қаржыландыруды ұлғайту қажет. | female1 | |
бұл материалдық-техникалық базаны нығайтуға және оқытушылардың жалақысын арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ведомство басшысы. | female1 | |
қазақстан республикасының латвия республикасындағы елшісі тимур пірімбетов латвия республикасының президенті эгилс левитске сенім грамоталарын тапсырды. | female1 | |
бұл жөнінде сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап қазақпарат хабарлайды. | female1 | |
сенім грамоталарын тапсыру рәсімі шеңберінде латвия республикасының президентімен жеке сұхбат өте жылы және өзара сенім негіздерінде өтті. | female1 | |
жиырма жеті жыл бұрын қазақстан республикасы мен латвия республикасы дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан, бұл- мың тоғыз жүз тоқсан екінші жылдың оныншы желтоқсаны. | female1 | |
киберқауіпсіздік және тағы да басқа салаларды ілгерілетуге өзара қызығушылық білдірілді. | female1 | |
президент левитс қазақстанда өңірдегі басты сауда-экономикалық әріптесі, сонымен қатар орталық азиядағы тұрақтылық және қауіпсіздік орталығы ретінде қарастыратынын атап өтті делінген хабарламада. | female1 | |
латвиялық көшбасшы қазақстанның президенті қасым-жомарт тоқаевқа және қазақстан республикасының тұңғыш президенті - елбасы нұрсұлтан назарбаевқа ізгі тілектерін жеткізіп, | female1 | |
қазақстан халқын келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтады. | female1 | |
екі мың он тоғызыншы жылғы есеп бойынша еліміздегі ақбөкендердің саны үш жүз отыз төрт мың төрт жүзге жетті. | female1 | |
бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы сәкен ділдахмет айтты, деп хабарлайды қазақпарат тілшісі. | female1 | |
қазақстанда киіктердің күйлеу кезеңі басталды. | female1 | |
жануарлардың жұптасу кезеңі шалғай жерлерде болады. | female1 | |
олар осы кезеңде күштерін жоғалтып, жыртқыштар мен браконьерлердің құрбанына айналады. | female1 | |
күйлеу кезеңінде ақбөкен популяциясын сақтау үшін охотзоопром өндірістік бірлестігінің инспекторлары жануарларды қорғауға күш салуда, | female1 | |
орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жергілікті тұрғындарды күйлеу кезінде киіктерді мазаламауға шақырды. | female1 | |
бұл процесс екі мың жиырмасыншы жылдың көктемінде ақбөкеннің үш популяциясының санын көбейту науқанының қаншалықты сәтті болғанын анықтайды. | female1 | |
киікті заңсыз аулау үшін бес жүз айлық есептік көрсеткіші ақбөкен мен төлін заңсыз аулау үшін үш жүз елу айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл салынады, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қолданылады, - дейді ол. | female1 | |
екі мың он тоғызыншы жылғы есеп бойынша ақбөкендердің саны үш жүз отыз төрт мың төрт жүзге жетті. | female1 | |
алматылықтар алтын орда дәуіріндегі сирек жәдігерлермен танысуға мүмкіндік алды, - деп хабарлайды қазақпарат тілшісі. | female1 | |
бүгін қазақстанның орталық музейінде алтын орда - қазақ мемлекеттілігінің бесігі көрмесі ашылды. | female1 | |
бұл мәдени шара қазақстан президенті қасым-жомарт тоқаевтың бір мың екі жүз алпыс тоғызыншы жылы талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған алтын орда империясының | female1 | |
жеті жүз елу жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдемесіне орай ұйымдастырылып отыр. | female1 | |
президент өз мәлімдемесінде біздің еліміздің бай мәдени мұрасын дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, киелі нысандардың қазақстандықтар мен шетелдік туристерді тарту орталығына айналуына басымдық беруді тапсырған болатын. | female1 | |
бүгін ашылған көрме алтын орданың жеті жүз елу жылдығына байланысты болып отыр. | female1 | |
алтын орда - қазақтың алтын бесігі. | female1 | |
осыдан қазақ хандығы құрылған. | female1 | |
бүгінгі көрмеде он үш-он төртінші ғасырлардағы алтын орда уақытын қамтитын артефактілер қойылып жатыр. | female1 | |
бүгінгі көрмеде бірегей көрнекті заттар, жібек маталар қойылды. | female1 | |
жібек мата - теңдесі жоқ мата. | female1 | |
оның ішінде алтынмен тігілген жіптер де бар. | female1 | |
сонымен қатар, сол кезеңді қамтитын жауынгерлердің саймандары, ақша, әшекей бұйымдар қойылған. | female1 | |
мемлекет болған соң монета сарайы болады. | female1 | |
жалпы алғанда біздің қалаларымыз ұлы жібек жолында жақсы дамыған. | female1 | |
көрмеге қойылған тағы бір керемет материал - каталон атласы, яғни әлем картасы. | female1 | |
бұл картаны бір мың үш жүз жетпіс бесінші авраам есімді еврей жасап, француз королі хуан біріншіге сыйлаған. | female1 | |
қазір оның түпнұсқасы француз ұлттық кітапханасында сақталып тұр. | female1 | |
осы картада қазақстанның алтын орда уақытында өмір сүрген оңтүстік шығысымыз жетісу өңірі көрсетілген, - деді қазақстанның мемлекеттік орталық музейінің археология орталығының жетекшісі хамит айтқұлов. | female1 | |
ұйымдастырушылардың таратқан ақпаратына сәйкес, мұнда орталық музейдің қорындағы он үшінші-он төртінші ғасырларға тән үш жүзге жуық артефакті қойылған. | female1 | |
бірегей коллекция музейге келушілерді алтын орда кезеңінің мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен таныстырады. | female1 | |
көрменің ерекшелігі алматы облысы, шеңгелді ауылы маңындағы қабірден табылған артефактілер - он үшінші-он төртінші ғасырлар. | female1 | |
шағатай әулеті шенділерінің бірі - сарбаздың жібектен тігілген сәнді киімінің фрагменттері алғаш рет келушілерге көрсетіледі. | female1 | |
ұлы жібек жолы. сауда. импорт бұйымдары.монеталар бөлімінде қазақстанның алтынордалық қалаларынан табылған импорт бұйымдары, | female1 | |
сонымен қатар сарайшық қалашығынан табылған жошы ұлысының және он үшінші-он төртінші ғасырларға өзге мемлекеттердің жиырма бес монета сарайының өнімі - күміс, мыс монеталар көз тартады. | female1 | |
діндер: тәңірлік, ислам, нестериандық, зороастризм, буддизм бөлімінде нестериандық құлпытастар және тағы да басқа деректермен танысуға болады. | female1 | |
он үшінші-он төртінші ғасырлар мінәжатттық діни ғимараттар сәулеті экспозициялық бөлімінде сарайшық қалашығындағы ғимараттардың фрагменттері, | female1 | |
жошы хан, алаша хан, болған ана мазары, қожа ахмет ясауи кесенесі сынды сәулет өнері ескерткіштерінің макеттері қойылды. | female1 |
End of preview. Expand in Data Studio
README.md exists but content is empty.
- Downloads last month
- 8